Астанада шағын автобус өртке оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада шағын автобус өртке оранды.

«Бүгін таңертең сағат 8:00 шамасында Қабанбай батыр және Сығанақ көшелерінің қиылысында шағын автобустың өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өртке қарсы күрес қызметкерлер 5 минуттың ішінде жетіп үлгерді. Өрт шағын автобустың қозғалтқышынан шыққан және салонға өткен», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Автобус маршруттық емес. Сондықтан онда жүргізушіден өзге жолаушылар болмаған. Жүргізуші дер кезінде автобустан шығып, өртті сөндіруді өз күшімен қолға алған. Сонымен қатар ТЖД-нің 7 қызметкері мен 1 техника өртті ауыздықтуға атсалысты. Өрт жиырма минуттан соң сөндірілді. Қазіргі уақытта шығын мөлшері анықталуда.