Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт бүгін, түнгі сағат 2 шамасында Күйші Дина көшесіндегі «Прелесть» шағын маркеттің қойма ғимаратынан шықты. Дүкен 6 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан.
От салдарынан 37 жастағы әйел иіс тиіп сол орында көз жұмды, сондай-ақ осы диагнозбен 13 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жау Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы және 5 техниканың күшімен бір жарым сағаттан кейін төрт шаршы метр аумақта ауыздықталды.