Астанада шағын отбасыларға арналған жатақханада өрт болды

ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Астананың «Алматы» ауданындағы шағын отбасыларға арналған 6 қабатты жатақханада өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

13 қазан күні сағат 21.08-де жатақхананың бөлмелерінің бірінен шыққан өрт ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 25 адамы мен 6 техникасының күшімен 37 минутта сөндірілді.

Тілсіз жаумен күрес барысында ғимараттан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Көмірқышқыл газына уланған 42 жастағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Өрттің шарпыған аумағы 5 шаршы метрді құрады.