www.worldchess.kz сайтында чемпионат барысындағы барлық 20 ойынды он-лайн режімінде көруге болады. Сондай-ақ бұл жерде әлемдік додаға қатысты барлық материалдар: фото-бейне репортаждар, әрбір гроссмейстердің ұпайлары мен қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат орналастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада басталған шахматтан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына Қытай, Ресей, Украина, АҚШ, Үндістан, Франция, Түркия, Грузия, Румыния және өз елімізден 50 шахматшы қатысуда. Әрбір командада бес ойыншы бар. Бұл додада Қазақстан намысын Гүлісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мәдина Дәулетбаева, Гүлмира Дәулетова және Жансая Әбдімәлік қорғауда.