Астанада Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі басталды. Байқау ертең басталады және 22 қазанға дейін жалғасады. Ал 24 қазанда үздік қатысушыларды марапаттау рәсімі мен өткен жылдардағы лауреаттардың және өнер қайраткерлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қытай әртістері қатысады. Қатысушылар қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың белгілі әндерін орындайды.

Фестиваль қазақ ән салу өнерін дамытуға, дарынды қазақ композиторының әндерін халық арасында насихаттауға, сондай-ақ, дарынды жастарға қолдау көрсетуге бағытталған.