«Шанхай апталығы» атты көрме Шанхай халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитеттің бастамасымен ұйымдастырылды және ол Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Көрменің басты мақсаты - Шанхай мен Қазақстан арасындағы іскерлік қатынасты нығайту және кеңейту, қазақстандық компаниялар мен елорда тұрғындарының назарына жаңа құрылғылар мен өнеркәсіп саласындағы керек-жарақтарды таныстыру.
Қытай компанияларының Қазақстан нарығына деген қызығушылығы Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-мен де, елдің энергетика, баламалы энергетика, машина жасау, құрылыс, химия өнеркәсібі сияқты экономика салаларын дамытумен де байланысты. Бұл көрме қазақстандық компаниялардың Қытайда жасалған ең соңғы технологиялармен танысуына және Аспан асты елінен іскерлік серіктестерін табуына мүмкіндік береді.
Көрмеге Шанхайдың мынадай корпорациялары қатысады: Shanghai Electric Group CO., Ltd, Shenergy Group Co Ltd, Shanghai GCL New Energy Investment Co., Ltd., CEFC China Energy Company Limited, SAIC MOTOR CORPORATION LIMITED PASSENGER VEHICLE CO., Bright Food (Group) Co., Ltd, Shangtex Holding Co., Ltd, Shanghai Building Materials (Group) Co., Ltd, SHANGHAI HUAYI (GROUP) COMPANY.