Қалалық деңгейде өтіп жатқан шараға 28-ге тарта кәсіби және әуесқой ұжымдар қатысуда.
Қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Еркебұлан Ағымбаевтың айтуынша, фестиваль қазақ және еліміздегі басқа да этностардың ұлттық би өнерін насихаттау, кәсіби тәжірибе алмасу, педагог бишілер мен балетмейстерлер арасындағы ғылыми әлеуетті арттыру мақсатын көздейді. «Мұнда өнер жолына жаңа түсіп келе жатқан ұжымдар және кәсіби би топтары өнер көрсетуде. Соның ішінде мемлекеттік би театрының «Наз», «Терра» және «Шалқыма» сынды ансамбльдері бар. Фестивальдің ең үлкен қатысушысы - 25 жаста болса, ең кішкентайы - 3 жаста», дейді Е. Ағымбаев.
Фестивальде барлық жанрлар: ұлттық, классикалық және қазіргі заманғы билер орындалуда. Шара Жиенқұлова атындағы қалалық би фестивалі Астана әкімдігімен және қалалық Мәдениет басқармасымен ұйымдастырылды.