Астанада шатырда тұрған ұялы байланыс стансасы жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы шағын маркеттердің бірінің шатырында кешенді ұялы байланыс стансасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 сәуір күні сағат 21.57-де Алматы ауданы, Сейфуллин көшесіндегі №48/11 үйде орналасқан «Данчик» шағынмаркетінің шатыр жабыны жанып, төбеде орналасқан ұялы байланыс кешеніне от тиді. Тілсіз жау 22.30-да толығымен ауыздықталды. Өртенген аумақ 6 шаршы метрді құрады», - деп хабарлайды ведомство.

Ешкім зардап шеккен жоқ, ұялы байланыс стансасы «Kcell» АҚ-ға тиесілі болып шықты. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Жалынды өшіруге ТЖД-ның 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.