Астанада шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласында шайбалы хоккейден 2011 жылғы жасөспірімдер арасында халықаралық «UTLCIceCUP 2025» турнирі өтіп жатыр.
Биыл бесінші мәрте жалауын желбіреткен турнирге елордалық «Барыс», Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), «СКА академиясы» (Санкт-Петербор), «Авангард» (Омбы), Беларусьтің «Динамо» (Минск), Қытайдың «BeijingGLC» (Бейжің) командалары келді.
Кеше, 13 сәуірде «Барыс» хоккейшілері ресейлік «Локомотив» клубымен кездесіп, қарсыласына овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді. Бұл ойында қазақстандық командадан Максим Самойлюк 35, 57-минутта мергендігімен көзге түсті.
Ал «СКА академиясы» «BeijingGLC» командасын 4:0 есебімен тізе бүктірді.
«Локомотив» - талантты хоккейшілерге жол ашқан команда. Сондықтан олармен кездесу біз үшін үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Мен екі гол соққаныма ризамын. Есепті өзгертетін көптеген мүмкіндік болды. Ал овертаймда біз үшін сәттілік жетіспеді, - деді Максим Самойлюк ойыннан кейінгі сұхбатында.
Жарыс ережесіне сәйкес 13-15 сәуір күндері топтық кезең ойындары өткізілсе, плей-офф сатысындағы ойындар 19 сәуірге белгіленген.
Финал мен 3-орын үшін ойын 17 сәуір күні болады.
Еске салсақ, хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді.