Астанада шеберлердің зергерлік көрмесі өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қараша күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында «Қазақ мәдениетіндегі ұлттық әшекей бұйымдар» атты қазақстандық шеберлердің бірегей зергерлік көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Мұражай баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерін сақтау мен дамыту саласындағы жетістіктерді жария ету, сондай-ақ ғасырлар қойнауына сіңіп, ұмытылып бара жатқан ұлттық әшекей бұйымдарды тағу дәстүрін жаңғырту мақсатында өткізілмек.

Шара қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерінің дамуы туралы толыққанды ақпарат бере алады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы.