Мұражай баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерін сақтау мен дамыту саласындағы жетістіктерді жария ету, сондай-ақ ғасырлар қойнауына сіңіп, ұмытылып бара жатқан ұлттық әшекей бұйымдарды тағу дәстүрін жаңғырту мақсатында өткізілмек.
Шара қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерінің дамуы туралы толыққанды ақпарат бере алады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ОТБАСЫМ» Ұлттық құндылықтар орталығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы.