Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚШИКҚ Басқарма төрағасы, «Дойче Банк» АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы У. Вокурка бастаған «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы (ҚШИКҚ) Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.