Ұсталған азамат өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, әкімшілік жауапкершілікке тартамын деген желеумен қала базарларының бірінде жұмыс істейтін Өзбекстан азаматының ақшасын ашық түрде тартып алған, деді ІІД қызметкерлері. Жедел шаралар барысында күдіктіден полицейдің киімі тәркіленді.
Бұл факті ҚР ҚК 191-бабы бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді.
«Қазіргі уақытта полицияға екі азамат шағыммен жүгінді. Осы азаматтың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен адамдар болса, Алматы ауданы ІІБ-ға 8(7172) 716784, 77025151881» телефондарына хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
13:43, 23 Наурыз 2017
Астанада шетелдікті тонаған жалған полицей ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 наурызда елордалық полицейлер жедел іздестіру шараларының барысында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына 31 жастағы Т. деген азаматты ұстап, қамауға алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.