Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөліміндегі 2-тармақшасымен айыпталып отырған О.Шнайдер, Ч.Саидов және Р.Багаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.
«Сот сотталушылардың аса ірі көлемде алаяқтық жасағанын анықтады, дәлірек айтқанда, алдау және сенімге кіру жолымен «Хазірет» ТК салу үшін үлескерлердің ақшалай қаражатын иемденіп алған», - делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, құрылыс компаниясының басшылары үлескерлерден жарты миллиардтан астам теңге жинап алған, олардың әрекеттерінен 80-ге жуық адам зардап шекті.