Ведомствоның хабарлауынша, қаза болғандар - ішімдік ішкен 14-31 жастағы азаматтар.
«Құтқару шаралары әрдайым оңайға түспейтіні де аян. Әсіресе, төтенше жағдайдың қатысушылары, құтқарушыларға кеш қоңырау шалған жағдайда. Аталған мерзімде төрт қайғылы жағдай тіркелді» деп хабарлады баспасөз қызметінен.
9 шілдеде Көктал-1 ауданында алкогольдік ішімдік ішкен 20 жасар Өзбекстан азаматы суға кеткен. «Ащы суға» сылқия тойған азаматтың суға кетуіне буындары тартылып қалуы себеп болған. Сондай-ақ, 12 шілдеде суда құтқару қызметкерлері оқиға орнына келіп жеткенде демалып жүрген адамдар мерт болған азаматтың денесін судан алып шыққан. Қарттар үйінің ауданында, 14 шілде күні судың бетіне қалқып шыққан ер адамның мәйіті табылды. Соңғы қайғылы жағдай 24 шілдеде тіркелді. 24 жастағы жігіт мас күйінде тыйым салынған жерде шомылып, суға батып кеткен.
Дегенмен, құтқарушылар өлімнен ондаған адамның өмірін арашалаған.
«Суда құтқару қызметі жұмыскерлері 14 адамды, соның ішінде 2 баланы құтқарды. 4 адам - басқа қаланың тұрғындары; олардың бірі жаяу жүргіншілер көпірінен секірген; 14 жастағы екі ер бала мен 12 жасар бір қыз. Олар жағажайда үлкендердің қарауынсыз суға түсіп жүрген. Астана қаласы ТЖД СҚҚ мамандары оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетті» делінген ведомство ақпаратында.