Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі 29 тамызға дейін жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы Ж. Молдағалиев көшесінен Сығанак көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінде төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ішінара жабылатын болады. Бұл Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Тамыздың 25 мен 29 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада 25-29 тамыз аралығында Арқар көпірі (М1) арқылы автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.