Астанада ШЫҰ елдерінің энергетика министрлері кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM – Сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер министрлерінің бірнеше кездесуі өтетінін айтты.
«21 маусымда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерінің Энергетика министрлерінің кездесуі өтеді. Энергетика ведомстволарының басшылары Қазақстанның бастамасымен әзірленген ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын қарастырып бекітеді», - деді министрліктің ресми өкілі.
Оның айтуынша, кездесу аясында делегация басшылары энергетикалық ынтымақтастықты ШЫҰ форматында дамытудың стратегиялық тәсілдерін талқылайды.
Сондай-ақ, Айбек Смадияров 20 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және техника ведомстволары басшыларының, Көлік министрлерінің онлайн бейнеконференция форматындағы кездесулері өткізілетінін айтты. Бұл екі іс-шара да Қазақстан бастамасымен ұйымдастырылмақ.