Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми күнтізбесіне сәйкес, 2027 жылы әлемдік жасөспірімдер жарыстары Қазақстан астанасында ұйымдастырылады.
Әлем кубогының үшінші кезеңі 22–24 қаңтар аралығында, ал жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28–31 қаңтар күндері өтеді.
Еске салайық, 2025 жылы Астана жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екі кезеңін қабылдаған болатын.
Бұған дейін ISU Қазақстан астанасында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Аталған турнир 2027 жылдың 9–14 ақпаны аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық шорт-трекшілер мен мәнерлеп сырғанаушылар АОК, ISU оқу-жаттығу жиындарына қатысатынын хабарлаған едік.