АСТАНА. KAZINFORM — Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.
Турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.
Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастамақ.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.