Астанада шорт-тректен Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды
14:50, 02 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 2 қазанда Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.
Республикалық турнир іріктеу мәртебесіне ие. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанның жаңа маусымдағы құрамасы жасақталады.
Оған жарыстар жеңімпаздары енетін болады. Сонымен бірге құрамаға уақыт және рейтингідегі орны бойынша үздік деп танылған спортшылар кіреді.
Бұған дейін қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.