Астанада «Шығыс-Цемент» АҚ аумағында жүк тиеу жұмыстары кезінде жүргізуші биіктіктен құлап қалды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданындағы «Шығыс-Цемент» АҚ аумағында 28 тамыз күні сағат 15:46-да жүк тиеу жұмыстарын өткізу кезінде «Құлагер» ЖШС-нің 36 жастағы жүргізушісі 3 метр биіктіктен құлады.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, түрлі жарақаттар алған ер адам ауруханаға жеткізілді.