Пино Сигнореттоны бала кезінен муран шынысының өрнектері арбап алады да, оның шыныдан түрлі бұйымдарды үрлеп жасау мамандығын таңдауына әсер етеді. 1959 жылы ол сол кездердегі атақты шеберлер Ливио және Анджело Сегузо, Эрманно Насонмен бірге жұмыс жасады. Альфредо Барбини оның ұстазы әрі тәлімгері болды. Пино Сигноретто одан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін муран шынысымен жұмыс жасау құпиялары мен техникаларын үйренді. Ол алтын медальдардың, халықаралық марапаттар мен сыйлықтардың иегері.
Джордж Спеццамонти негізі 1965 жылы қаланған Albertini & Spezzamonte шеберханасының өкілі. Шеберлердің жаңа буыны бүгінде әшекейлеу мен өрнектеудің ең ежелгі әдістерін қолдана отырып, муран көркем шынысынан заманауи және біртума әшекейлер жасайды.
Светлана Коста жоғары көркемсурет білімін Қазақстаннан және Италиядан алған. Оның шығармашылығы Қазақстан мәдениетімен тығыз байланысты. Ол Италия мен Қазақстан арасындағы бірлескен шаралардың жетекшісі және ұйымдастырушысы. Оның туындылары негізінен жеке коллекцияларда, ал Ұлттық музейде «Бейбітшілік құсы» атты тостағаны сақтаулы.
Айдархан Қалиев - «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері, ғылым кандидаты, өнертану доценті, 70-ке жуық имидждік және маусымдық топтамалардың авторы. Оның авторлық топтамалары әлдеқашан әлемдік және халықаралық форумдарда Қазақстанның «визитті карточкасына» айналған. Дизайнер топтамаларды жасаған кезде киіздің, гобеленнің, жібектің жаңа технологиясы, сол сияқты этностық әуендегі суреттер сынды заманауи инновациялық тәсілдермен жасалған дәстүрлі маталарды пайдаланады.
Көрме жетекшісі Құралай Сқақова - суретшілердің 2014-2016 жылдарғы республикалық және халықаралық симпозиумдарының ұйымдастырушысы және жетекшісі, 2016 жылғы Астана Биенналесінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі.
Көрменің ашылуы Айдархан Қалиев топтамаларының дефеле және Ғибрат Шоудың өнер көрсетілімімен аяқталады.