Бұл туралы бүгін болған апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов айтты.
«Оған алты елдің құқық қорғау органдарының басшыларымен қатар ШЫҰ-ның хатшылығы мен аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының жетекшілері, сондай-ақ бақылаушы елдердің және аталған диалог аясында әріптес мемлекеттердің өкілдері қатысады деп күтілуде»,-деді ресми өкіл. Алдағы шара барысында тараптар ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон мәселелерін талқыламақ.