Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 9-16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform
— Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.
Фото: Астана әкімдігі
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескергені жөн.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Қ. Аманжолов көшесін Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі аралықта кабельдік кәріз желісін салу жұмысы жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.