Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
01:16, 04 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.
Сонымен қатар, жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі.
Осыған байланысты 3-25 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Айта кетелік Астанадағы Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады.