Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM -   Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Сығанақ көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көшені жабу осы жылдың 13-28 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Фото: gov.kz