Silk Way Star жобасының анонсы ҚТЖ ғимаратының экранынан көрсетілді

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ел астанасында халықаралық музыкалық жоба — Silk Way Star конкурсының ауқымды насихат кампаниясы басталды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары байқаудың анонстарын Қазақстан темір жолы ғимаратының үлкен LED-экранынан көре алады.

Айта кетейік, Silk Way Star-дың алғашқы шығарылымы 20 қыркүйек күні сағат 20:00–де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоба Ұлы Жібек жолының бойындағы 12 елден — Әзербайжаннан бастап Оңтүстік Кореяға дейінгі кеңістіктен келген әртістерді біріктірді.

Шоудың бағдарламасында байқау тапсырмалары, кроссмәдени дуэттер, ондаған тілдегі әндер және мультикультуралық форматтағы алғашқы жұлдызды анықтайтын гала-концерт қарастырылған.

Қазақстан атынан байқауға әнші Alem қатысады.

Бұған дейін Армениядан келген музыкант Саро Геворгян конкурс туралы өз әсерімен бөлісіп, «Silk Way Star — бұл жай ғана байқау емес, мәдени көпір» деп атап өткен болатын.