Астанада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақша ертегі қойылады

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 7 мен 9 қаңтар аралығындағы қысқы каникул кезінде «Астана Опера» театрының камералық залында елорда оқушыларына кемеңгер композитор Сергей Прокофьевтің балаларға арналған «Петя және қасқыр» атты әйгілі симфониялық ертегісі қойылады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.

«Петя және қасқыр» ертегісі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өлеңді мәнерлеп оқуға арналған. Туындының негізгі идеясы ертегінің әрбір кейіпкерін өз аспабы және өз музыкалық тақырыбы көркемдейтіндігінде. «Петя және қасқыр» симфониялық ертегісі әлемдегі ең көп орындалатын музыкалық туындылардың бірі. «Петя және қасқыр» ертегісі алғаш рет қазақшаға аударылған. Аударма авторы - Жоламан Тұрсынбаев. Енді оқушылардың симфониялық ертегіні қазақша және орысша тыңдай алады.