«Ертең барлық делегациялардың қатысуымен пленарлық отырыс өтеді, онда қорытынды құжатты келісуі мүмкін», - деді Ресей Қорғаныс министрлігінің лауазымды өкілі.
Бұдан басқа, ол бүгін делегация екіжақты форматта жұмыс кездесуін өткізетінін жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости. Оның барысында ұстанымдар нақтыланып, Сириядағы соғыс әрекеттерін тоқтату режімін қамтамасыз етудің дайындалған ұсыныстары айтылмақ.