«Сирия оппозициялық топ өкілдерінің басым бөлігі келіссөз нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойды», - деді Б. Битар.
Ол қай оппозициялық топ құжатқа қол қоймағанын, туындаған келіспеушіліктердің себептерін нақтыламады.
Дүйсенбіде Астанада сириялық оппозицияның түрлі топтарымен келіссөзді бастаған. Барлығы 30 адам, олар Сирия оппозициясының түрлі күштерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз оппозиционерлер. Үкіметтік делегаттар консультацияға қатыспайды.