Астанада слесарь көмір сутегінің буымен уланды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарырақа ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Астана су арнасы» МКК 27 жасар жұмысшысы кәріз люгіне құлап кетіп, көмір сутегінің буына уланудың салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ 5 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ «АМО» ММ 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.