СҚО-ның Мәдениет күндері шарасының ашылу рәсімі мен «Есіл өңірінің жұлдыздары» атты концерт қалалық алаңда 24 тамыз күні өтеді.
21-31 тамыз аралығында этноауылда өңірдің декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді.
ҚР Ұлттық мұрағатында келем деушілердің барлығы «ЭКСПО-2017: Қазақстанның жаңа тарихи белесі» атты көрмені 24-26 тамыз аралығында сағат 11-00-ден 18-00-ге дейін көре алады.
Сонымен қатар этноауылдың аймағында «Атамекен, бабалар жері» атты музей көрмесі өтеді.
Облыстық театрының әртістері сомдайтын Б.Құлыншақов пен Е.Пермяковтың «Даланың аққұба қызы» атты спектаклін Астана қаласының қуыршақ театрында тамыздың 24-25 аралығында сағат 10-00-ден 12-00 аралығында тамашалауға болады.