деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соның 32-сінің ізі суымастан ашылды.
«Былтырғы жылдың жеті айында жасалған кісі өлтіру оқиғаларын саралайтын болсақ, биыл аталған қылмыс әлдеқайда азайған. 2008 жылы 52 кісі өлтіру оқиғасы орын алған болатын», деді М.Төлебаев.
Басқарма бастығы қасақана кісі өлтіру қылмыс санының төмендеуін басқа өңірлерден құрылыс жұмыстарына келген азаматтардың азаюымен байланыстырып отыр.
«Астанада құрылыс саласындағы ахуалға орай, жұмысшылардың өз өңірлеріне қайтуы байқалуда. Сонымен қатар бұл көрсеткіштің төмендеуіне сыртқы бақылау күштерінің күшейтілгендігі, қылмыс көп жасалатын жерлерге қосымша патрульдік жасақтар мен бейне камералар орнатылғандығы әсер етті деуге болады», деп атап көрсетті ол.