Астанада сот орындаушы төленген алиментті өз баласының шотына аударып отырған

АСТАНА. KAZINFORM — Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фото: pexels.com

Жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударып отырған. 

Өндіріп алушы борышкерге шара қолдануды өтініп сот орындаушыға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.