Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлайды.
Турнирге еліміздің өңірлері мен қалаларынан, сондай-ақ, Ресей мен Қырғызстаннан бишілер қатысады. Арбамен би билеуден ҚР чемпионатында «Жігер» спорт клубының 9 тәрбиеленушісі елорданың намысын қорғайды. Спорттық биден Астана қаласының ашық чемпионатында №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 18 спортшысы бақ сынасады.
Турнир «Назарбаев Университеттің» спорт кешенінде өтеді. Жарыстар сенбі күні сағат 15:00-де салтанатты түрде ашылады.