Агенттік мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның мергендері республикалық турнирдің бас жүлдесін сарапқа салып, жарысқа Астана қаласы Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысынан, Қостанай және Павлодар қаласының 100-ге жуық спортшысы қатысады.
1 тамызда Кубоктың кезекті кезеңі басталады. Дода 15 жастан жоғары жасөспірімдердің және ересек ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Мергендер екі жаттығу - дөңгелек стенд және компакт-спортинг бойынша бақ сынасады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 2 тамызда өтеді. Стендтік атудан ҚР кубогының нәтижелері 4 тамызда белгілі болады.
«Биыл Кубокпен бірге Астана қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылады. Кубоктың бірінші кезеңі Шымкентте «Эльдорадо» атыс орнында дөңгелек және траншеялық стенд бойынша өткен еді. Жалпы командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы көш бастады. Екінші орында Алматы командасы. Үздік үштікті елордалықтар тұйықтады. Кубоктың екінші кезеңі еңбегі сіңген спорт шебері Александр Асановқа арналған стендтік атудан халықаралық турнирді өткізумен сәйкес келді» делінген баспасөз баянында.