Астанада Street Workout-пен айналысуға арналған алғашқы мамандандырылған алаң ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Workout-пен айналысуға арналған алғашқы мамандандырылған алаң және жаттығулардың жазғы маусымы ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Әлемдік UFC спортының жұлдызы, ММА және аралас жекпе-жек түрлері бойынша әлемдік деңгейдегі шебер Адам Яндиев, сондай-ақ, «Салауатты өмір салты» Халықаралық қозғалысының жетекшісі, «Street Workout» Бүкілукраиндық Қоғамдық ұйымының Президенті, «Street Workout» халықаралық ұйымының басшысы Денис Минин қатысты. Street Workout аз уақыт ішінде кеңінен танымал болды және ол Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша жас шамасы мен әлеуметтік жағдайы әр түрлі адамдардың басым көпшілігінің әуестігіне айналып үлгерді.

1 маусым «Балаларды қорғау күні, Отан қорғаушылар саябағының аумағында, «Қазақстан» СК маңында Street Workout-пен айналысуға арналған алғашқы мамандандырылған алаңның ашылуы болды. Осы шара шеңберінде воркаут бойынша жаттығулардың жазғы маусымының ашылуы болып өтті. Сондай-ақ Bar Bars командасының құрамына кіру үшін ресми норматив тапсыру жүргізілді. Bar Bars командасының қазіргі барлық қатысушылары өз мәртебесін растау үшін осы нормативті тапсырды. Алаңда Қарағанды, Шымкент, Тараз, Алматы секілді Қазақстанның әр түрлі қалалары мен облыстарының өкілдері жиналды. Шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында Дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене тәрбиесі мен спортты дәріптеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы халқының күнделікті өміріне дене тәрбиесі мен спортты кеңінен енгізу. Шараның барысында Bar Bars командасы шеберлік сыныбын өткізді, «Production Хромосомы» тобы өнер көрсетті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Street Workout» Қазақстан Федерациясының қолдауымен өткізілді.