Ол дүкеннің ерекшелігі сол, барлық тауарлардың құны нарықтық бағадан төмен. «Оны ашу үшін біз кәсіпкерге жатақхананың бірінші қабатынан бір бөлмені тегін бөліп бердік. Ол өз кезегінде тек коммуналдық төлемақыларды ғана өтейді. Осының есебінен тауардың арзан бағасын ұстауға мүмкіндік бар. Мәселен, нанның бағасы - 45 теңге, студенттер жиі алатын «Биг-бон» мен «Ролтон» сияқты тауарлар 33-55 теңге тұрады», - дейді университеттің тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры Бауыржан Иманғалиев.
Негізі, бүгінде ҚазАТУ-дың арзан асханасы да кеңінен танылып үлгерді. Онда түскі астың бағасы - 250 теңге. Алдағы уақытта университет жанынан әлеуметтік емхана және дәріхана ашу жоспаранып отыр.