Астанада Студенттік фубол лигасы құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Студенттік фубол лигасы құрылды, деп хабарлайды Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі.

Бірер күн бұрын оқу орнында Астананың Футбол федерациясымен меморандумға қол қойылды. Әріптестіктің ең басты мақсаты елордада Студенттік футбол лигасын құру болып табылады. Назарбаев Университеті Студенттік лиганың қалыптасуы мен дамуына, жалпы студенттік спорттың өріс алуына қатысатын негізгі атқарушылардың бірі болмақ. Бүгінгі таңда университет қабырғасында «NU Football League» (Назарбаев Университеті студенттері арасындағы футбол лигасы) өтуде. Онда 27 команда өзара матчтар өткізетін болады. Бұл турнирде магистранттар мен оқытушылар құрған командалар да бас жүлдеге таласуда.