Бұл туралы бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында өтіп жатқан «Су арнасы - 2013» VІ Халықаралық көрмесі барысында ұйымдастырылған «Суды пайдалану: қазіргі болмысы, проблемалары және келешегі» атты конференцияда Сумен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Ғанибек Оразбаев айтты.
Шараны «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру бойынша кәсіпорындар бірлестігі», ҚР Өңірлік даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша комитеті, «Астана Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Астана-Экспо КС» көрме компаниялары бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Көрмеде 11 елдің 80-нен астам фирмалары мен компаниялары ауыз суды дайындау және ағынды суларды тазарту технологияларын, су-шаруашылық құрылыстарын салу, жөндеу және пайдалануға арналған материалдар мен жабдықтарды, ауылдық елді мекендер үшін ауыз суды дайындау құрылғыларын және басқа да заманауи техникаларды таныстыратын болады.
Шара 15-17 мамыр аралығында өтеді.
Айта кету керек, аталмыш көрмеге ҚР Үкіметі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.