Астанада су құбырының жарылуы салдарынан Ресей мен Түркия елшіліктерінің ғимараттары сусыз қалды

АСТАНА. Желтоқсанның 16-сы. ҚазАқпарат - Астанада су құбырының жарылуы салдарынан Ресей мен Түркия елшіліктерінің ғимараттары суыз қалды,

  деп хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Су  құбыры  желісіндегі   апат   бүгін   таңертең сағат 06.30-да   Ташенов көшесінің бойында орын  алған.  Төтенше жағдайлар  министрлігінің   ақпараты  бойынша,   диаметр 80 мм        су  құбыры  жарылған.

 «Астана Су Арнасы»  кәсіпорнының     арнайы  бригадасы    төтенше оқиғаның салдарын   жоюда»,   деп хабарлады      ведомстводан.