Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, бүгін сәуірдің 16-сы күні түскі сағат 12 жарымда Алматы ауданы Фурманов көшесі, 6-шы үйдің маңында су құбыры жарылды. Тесілген құбырдың диаметрі 500 мм-ді құрады.
Төтенше жағдай салдарынан Фурманов пен Павлов көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер сусыз қалып, Казахская көшесіндегі үйлерде су қысымы азайды.
Жөндеу жұмыстарымен «Астана су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның 12 адамы мен 4 техникасы айналысуда.
Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын осы Алматы ауданындағыАбылай хан көшесі 17/1 үйдің маңында диаметрі 400 мм болатын ескірген су құбыры жарылып, соның салдарынан Мақтұмқұлы көшесі 3/1, Абылай хан даңғылы 17, 17 «А», 17 «Б», 19, 21, 25, 29/1, 27/1 тұрғын үйлер, сондай-ақ №69-шы балабақша мен Алматы аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимараты осы уақытқа дейін сусыз қалып отыр.