Астанада су тапшылығы жоқ – Жеңіс Қасымбек

Фото: Фото: видеодан алынған кадр

Астанада алдағы бірнеше жылда су тапшылығы болмайды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Маусым айында су тапшылығы мәселесі болғанын білесіздер. Жыл сайын қала өсіп келеді, халық саны орта есеппен 50-60 мыңға артуда. Соңғы үш жылда халық саны 200 мыңға өсті. Тиісінше, коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемі де артады. Пайдалануға берілетін баспана мен су тұтыну көлемі артып келеді. Маусым айында бізде бұл мәселе күрт көтерілген сәтте тәулігіне 20-25 мың текше метр су тапшылығы болды. 10 маусымнан кейін Астана су қоймасынан қосымша жаңа су құбыры желісін іске қостық. 90 мың текше метр көлемінде қосымша су беріліп, қуаты 105 мың текше метр болатын үшінші сорғы сүзгі станциясының құрылысы аяқталды», - деп түсіндірді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Астана әкімі ресми түрде Астанада су тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, алдағы бірнеше жылға беріктік негізі жасалған.

«Оған қоса, біз Астана су қоймасынан екінші қосымша су құбырының құрылысын аяқтаймыз, Нұра су көзіне құбыр құрылысын, сондай-ақ «Тельман» сорғы станциясының кеңеюін жобалауды бастаймыз. Бұл бізге 2030 жылға дейін таза ауыз су алу мүмкіндігін береді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек қар күреуден үнемделген қаражат қайда жұмсалатынын айтқан еді.