«Биыл көктемде еріген қар суларын өткізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласының аумағында 3 аудан бойынша «Астана Тазалық» ЖШС су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі комиссия құрып, тәулік бойы кезекшілік жүргізу үшін орынжай бөлді», - дейді «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлері.
Бұдан басқа, шұғыл жағдай орын ала қалған жағдайда дабыл жүйесі қосылады. Елорда тұрғындары су тасқынына қарсы комиссияға мына телефондар бойынша хабарласа алады: Алматы ауданында 48-43-37, Есіл ауданында 48-43-26, Сарыарқа ауданында 48-43-92. Ал төтенше жағдайлар кезінде 49-99-08 телефонына қоңырау шалуларына болады. Сондай-ақ орталық диспетчерліктің телефондары мынадай: 54-58-19, 38-57-09.
Айта кетейік, су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған бригадирлерге 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықпен жұмыс істеу мақсатында Алматы ауданында (77-99-73), Есіл ауданында (77-99-71), Сарыарқа ауданында (77-99-74) арнайы нөмірлер берілген болатын.