Астанада су тасқынының алдын алу үшін кешенді жоспар жүзеге асырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің келуіне орай елордада су тасқыны қаупі туындап отыр. Оның алдын алу үшін тұрақты түрде қауіпті жерлердің мониторингі, канализацияларды тазарту, сонымен қатар, жақын маңдағы су қоймаларындағы су деңгейін қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлағандай, елорда аумағында су басу қаупі төнетін 32 жер телімі бар, олар бойынша тұрақты түрде зерттеу жұмысы атқарылады.

«Біз су басу қаупі төніп тұрған 32 потенциалды учаскені белгіледік, олардың 19 «Алматы» ауданында, соның ішінде «Оңтүстік Шығыс» (оң және сол жақтары), Промышленный, Қазқалашық, Железнодорожный, Интернациональный тұрғын алаптары, ЖЭО-2 ауданы, «Қазақстан» дүкені маңындағы тұрғын секторы. «Есіл» ауданы бойынша сол тектес 6 учаске бар: Ильинканың шығыс жағы, Үркер, Шұбар, Қорғалжын тас жолы, №62 көше, Ш. Бейсекова көшесі, Сығанақ. Ал «Сарыарқа» ауданы бойынша 7 учаске анықталды: Өндіріс, Көктал-1, Көктал-2, Кирпичный, Агроқалашық, ЖЭО-1 маңы және салынып жатқан ЖЭО-1 маңы», - деді Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Павел Кулагин.

Қала аумағынан уақтылы қар шығару - бұл су тасқынына қарсы басты шаралардың бірі. Жалпы қыс маусымы кезінде қала аумағында 2014 жылдың 27 қазанынан бастап 2015 жылдың 6 сәуіріне дейін 3 427 620 м3 қар полигонға шығарылды.

Су жиналатын канализациялардың дұрыс жұмысы үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, олар канализация коллекторларының торларын, су өткізетін арналарды, құбырлар мен арықтарды тексереді. Қазіргі уақытта Астана қаласы аумағындағы арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 40 155 п.м., соның ішінде:

«Алматы» - 12 070 п.м. (100% тазаланды) «Сарыарқа» - 24 466 п.м. (100% тазаланды) «Есіл» - 3620 п.м. (100% тазаланды)

Жаңбырқабылдағыш торлардың жалпы жалпы саны 10 025 дана., соның ішінде:

«Алматы» - 4718 дана. (100% тазаланды) «Сарыарқа» - 2 196 дана. (100% тазаланды) «Есіл» - 3111 дана. (100% тазаланды)

«Кешенді жоспарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казводхоз» республикалық мемлекеттік мекемесі атқаратын жұмыстар, соның ішінде Астана гидротүйіні бойынша жұмыстар да қарастырылған. Аталмыш кәсіпорын Есіл өзені бойынша гидрологиялық бақылау жүргізеді. Түрлі ведомствалар арасындағы байланыс орнатылды», - деп атап өтті П. Кулагин.

Су тартатын ассенизаторлық техниканың жалпы саны - 147. Коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлағандай, «Алматы» ауданы бойынша 185 көше, 42 мектеп пен 27 балабақшаның іргелес аумақтары тазаланды, барлық 26 денсаулық сақтау нысандары бойынша жұмыстар аяқталды. «Есіл» ауданы бойынша 202 көше мен 11 мектеп және 25 балабақшаға іргелес аумақтар тазаланды. «Сарыарқа» ауданы бойынша 270 көше мен 31 мектеп және 33 балабақшаның іргелес аумақтары тазаланып, 18 денсаулық сақтау нысаны бойынша жұмыстар аяқталған.

Елорданың әр ауданында су тасқынына қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Сарыарқа» ауданында Жолымбет көшесі бойымен Орталық базар аумағындағы магистральді коллекторіне қарай нөсер канализациясы желілерінде ойықтар жасалды. Наурыздың соңында балшықты бөліктерді тазалау аяқталып, Чехов көшесі бойында Жолымбет көшесі аумағынан келетін беткі суларды тазалау мақсатында 48 метрге созылатын магистральді коллектор жатқызылды. Беткі ағын сулар тартылды. Қажет болған жағдайда су басқан бөліктерді тазарту үшін қосымша «Астана Тазалық» ЖШС сорғы құрылғысы пайдаланылатын болады.

«Аскади» ЖШС мердігерлік ұйымына Көктал кенті аумағындағы №1 нөсер канализациясы тазалық құрылғыларындағы тасқын суларды тазалау тапсырылды. Қазіргі таңда уақытша сорғы құрылғысы орнатылды, сорғы станциясы штатты режимде жұмыс істейді, қорытындылаушы коллектор тәулік бойы тербелісте. «Центрстройкомплект» ЖШС мердігерлік ұйымы Өндіріс және Үшқоңыр көшелері қиылысындағы тазалаушы құрылғылар бойында су бұрғыш каналын тазалау жұмыстарын жүргізді.

«Есіл» ауданында Доспамбет жырау көшесі бойында 1600 метрге созылған қоршаулы дамба орнатылып, мердігерлік ұйымдар сорғы құрылғыларын орнататын алаңдар мен оларға баратын жолдарды салу жұмыстары атқарылды.

Тасқын суының кабельді каналдар бойына өтуіне жол бермеу үшін «Есіл» аудандық әкімдігі кабельді канал құрылғыларына инертті материалдармен септі. Қажет болған жағдайда немесе су өткен жағдайда аталған шаралар қайта қолданылатын болады. Сонымен қатар, салынған кәріз жүйелері тексеріліп, дамба сыртындағы байқау құдықтары бітелді.

Кіші Талдыкөл көлі деңгейінің төмендеуіне байланысты Сығанақ көшесі бойындағы қоршау дамбасында тәулігіне 1600 м3 шығаратын сорғы құрылғысын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Кіші Талдыкөл көлі аумағында орналасқан Сығанақ көшесі бойындағы қоршау дамбасында себу жұмыстары жасалды. Кіші Талдыкөл көлінен күштеп су тартуды жүзеге асыру үшін полиэтиленді қысымды құбыр сатып алынды.

Бейсекова көшесі бойындағы нөсер канализациясы коллекторын салу жұмыстары басталды, жұмыстың аяқталуының бағдарлаушы жоспары үстіміздегі жылдың 20 сәуіріне белгіленген.

«Западный» бағбандық қоғамыныңжәне басқа да қоғамдардың су астында қалуының алдын алу үшін диаметрі 1000 мм болатын алты су өткізу құбырлары бар Қарттар үйі аумағындағы, «Есіл» ауданы жағынан үйілген дамбаның сол жағындағы жаға сызығы деңгейін көтеру қажет. Жағалау бойындағы 100 метрлік қоршау дамбасын үю жұмыстары атқарылды.

«Өткізілген және өткізілетін барлық шаралар кешені төтенше жағдайлар туындауын, жергілікті бөлімдер мен қала аумағының су астында қалуының алдын алады, сонымен қатар, көктем маусымындағы еріген және тақын суларды ұйымдасқан түрде өткізуге мүмкіндік береді», - деді Павел Кулагин.