Астанада су, жылу, жарық тарифі көтерілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада су, жылу, жарық тарифі көтерілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

«Департаментте үш табиғи монополистен Астана қаласы бойынша өтінім түскен жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің елордада тариф бағасы көтеріле ме, деген сауалына орай.

Жалпы, А.Алпысбаевтың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бері республика бойынша тарифтерді көтеруге қатысты табиғи монополия субъектілерінен 52 өтінім түскен. Оның 7-еуі кері шақырылып алынып, 7-еуі қайтарылған. Ал 18-і қарастырылып жатса, 20-сы бекітілген.

«Олардың басым бөлігі «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесі салынған ауылдық елді мекендерге қатысты»,- деді ол.