Астанада суға батып кете жаздаған 22 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суға түсу маусымы басынан бері Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметінің құтқарушылары 22 адамды ажал ауызынан алып қалды, деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.

Күзетілетін жағажайларда адам өлімі сирек болады. Сол себепті де құтқарушылар осындай жерлерде ғана демалуға кеңес береді. Сонымен қатар, суға шомылуға келген адам қарапайым қағидаларды білуі тиіс.

«Егер де сіздің көз алдыңызда адам суға батып бара жатса, бірден көмекке шақырыңыз, айналадағы адамдардың арасында жақсы жүзетіндер болуы мүмкін. Суға батып бара жатқан адамға артынан келу керек, себебі ол құтқарушыны көрмегені абзал. Құтқарушыны суға батырмас үшін, оның бірден қолдарын ұстап алу қажет. Содан соң ғана беті судың үстінде болатындай етіп, жағажайға қарай малту керек», - деп ескертеді Астана қаласы ТЖД-ның баспасөз қызметі.