Семинар жұмысына Ресей, Испания, Марокко, Әзірбайжан, Болгария, Израиль, Румыния және еліміздің белгілі профессор-ғалымдары қатысуда. Үш күнге жалғасатын мәжіліс барысында лаңкестіктің психологиялық алғышарттары зарделеніп, суицидтік терроризмге әйел азаматтардың қатысу мәселесі жан-жақты талқыға салынады. Ертең, қыркүйектің 24-і күні «Орталық Азия мен Ресейдегі суицидтік терроризм» тақырыбы қарастырылса, қыркүйектің 25-сі күні «Қазіргі қауіп-қатерлерге ұлттық және халықаралық деңгейде төтеп беру» тақырыбы талқыланатын болады. Ал, мәжілістің соңғы күні, қыркүйектің 26-сында қорытынды құжаттар әзірленіп, арнайы резолюцияны қабылдау жоспарланып отыр.
16:04, 23 Қыркүйек 2010
Астанада суицидтік лаңкестік мәселелері талқылануда
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі суицидтік терроризм: себептері, үрдістері мен алдын алу жолдары» тақырыбында Халықаралық ғылыми семинар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.