Көрмеге емдік және декоративтік косметика, тырнақ эстетикасы, кәсіби косметикалық желілер, шаш күтіміне арналған заттар, сұлулық салондары мен шаштараздарға арналған қондырғылар, құралдар мен керек-жарақтар, кәсіби препараттар мен бұйымдар, тиісті аксессуарлар, сауықтыру және рационалды тамақтар (биоактивті қоспалар, дәрумендер) қойылып, сауықтыру орталықтары, фитнес пен шейпинг клубтарының қызметтері ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Beauty World» тек көрмемен ғана шектелмейді. Іс-шара аясында сұлулық пен сән индустриясының жетекші мамандарының қатысуымен бірқатар шеберлік сыныптары, семинарлар мен тұсаукесерлер өткізіледі.
Бұдан басқа, көрмеде ерлер мен әйелдердің күнделікті киімі, шығармашылық киім жиынтығы, балаларға арналған киім мен аяқ киім, сондай-ақ, аксессуарлар мен тиісті тауарлар қойылады.
Айта кетейік, «Beauty World» көрмесі - бұл бейнелі ойын-сауық шарасы, іскерлік қарым-қатынас, сұлулық пен сән индустриясы мамандары кәсіби тәжірибемен алмасу, қарапайым сатушылармен, сән мен сұлулыққа, стильге мүдделі адамдармен кездесу алаңы болып табылады.