балалар суреті республикалық байқауының қорытынды кезеңінің нәтижесі салтанатты түрде шығарылады. Бұл туралы Оқушылар сарайының баспасөз қызметі хабарлайды.
Байқаудың басты мақсаты - жас буынды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ортақ құндылықтарға және ұлттық бірлікке баулып тәрбиелеу, сонымен қатар, балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу. Аталған шара сурет салу саласында көзге түскен дарынды балаларды анықтап, олардың дамуына жағдай жасауда Қазақстан халқы Ассамблеясы жүргізіп жүрген жұмыстардың жалғасы.
Жобаның бас демеушісі - «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы, ұйымдастырушысы - «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры» қоғамдық қоры және ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Оқушылар сарайының көрме залында Қазақстанның 14 облыс орталығынан және Астана, Алматы, Семей, Түркістан сияқты 4 қаласынан сұрыпталған аймақтық байқауларға қатысушылардың үздік 70 жұмысының көрмесі ұйымдастырылады. Республикалық байқаудың қорытынды кезеңіне қатысу үшін аймақтардан барлығы 17 жеңімпаз келіп, олардың ішінен қазылар алқасы жүйріктерді таңдайды.
«Арман қалам - Астана» балалар суреті республикалық байқауының қорытындысы бойынша балалар суреті альбомы шығарылып, оны Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана күніне сыйлық ретінде тарту етеді.